389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы ЕО өкілдігі журналистер арасында байқау жариялады

  • 933
  • UPD: 20:49, 02.04.2018

Қазақстандағы Еуропалық одақтың өкілдігі журналистерге арнап, байқау жариялады.

Ал жеңімпаздар 5 күнге Брюссель қаласына барып, тағылымдамадан өтеді. Сайыс шарты бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері біздің ел мен Еуропалық Одақтың 25 жылдық ынтымақтастығы тақырыбында материал әзірлеп, қазылар алқасының назарына ұсынуы тиіс. Жазбаның саны мен жанрына ешқандай шектеу қойылмайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жұмыстар 30 сәуірге дейін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Сондай-ақ үздік деп танылған авторлар Астанадағы медиамектепте семинарларға қатыса алады.

Эльнара Байназарова, Қазақстандағы ЕО өкілдігінің баспасөз хатшысы:

- Іріктеу принциптеріне келсек ол негізі Қазақстанның азаматтары болуы керек. Журналистік 4 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сонымен бірге қазіргі таңда әрекет етуші БАҚ мамандары болуы тиіс. Соңғы критерийге келсек 18 және 35 жас аралығындағы жас журналистерге жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы