378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да бөгеттерді бекіту жұмыстары жүріп жатыр

  • 547
  • UPD: 11:35, 03.04.2018

Тасқын суға тап болған Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданында гидротехникалық нысандар мен өзендердің жағасын кеңейту жұмыстары жүріп жатыр.

Қарғын судан ең көп зардап шеккен Зубов пен Малеев ауылдарының тұсындағы Бұқтырма өзенінің жағасы 2-3 метрге дейін көтерілмек. Бұл жердегі бөгет 1970 жылдары салынған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, күні бүгінге дейін бірде-бір жөндеу көрмеген. Өзенге мұз кептелгенде, арыны қатты өзен бөгетті жарып, басқа арнаға түскен. Енді тасқынның келесі толқыны келгенше, бөгетті бекітіп үлгеру керек. Себебі, ауа райын болжайтын мамандар, осы аптаның соңына қарай күн қайтадан жылынып, жаңбыр жауатынын хабарлады. Қазір ауданда гидролог-мамандар да жұмыс істеп жүр. Олар судың, биологиялық құрамы мен сапасын тексермек. Өйткені бұл аудандағы кейбір ауылдар жеке құдықтан жерасты суын пайдаланады.

Олег Зайцев, химик-биолог:

- Судың химиялық жəне биологиялық құрамын сараптаймыз. Кейбір химиялық элементтер көбейіп кеткен жоқ па. Кейбір сараптамалардың қорытындысын бірден шығарамыз. Ал терең сараптаманы қажет ететін сынамаларды Өскемендегі зертханаға апарып зерттейміз.

Хабар 24 телеарнасы