389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары ауыл халқымен кездесті

  • 586
  • UPD: 15:22, 03.04.2018
Мәжіліс депутаттары ауыл халқымен кездесті

Шалғайдағы ауыл тұрғындары балаларының жоғары білім алуы үшін жағдай жасалатынын естіп қуанып отыр.

«Мемлекеттік грантқа ие болып, жайлы жатақханаға орналасса, тілегіміздің орындалғаны», – дейді олар. Елбасы жыл сайын бөлінетін грантқа қосымша тағы 20 мыӊ қосуды тапсырған еді. Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылына барған Парламент Мәжілісінің депутаттары Елбасының бес әлеуметтік бастамасында айтылған міндеттерді жан-жақты түсіндірді. Көктауда 91 оралман отбасы тұрып жатыр. Осыдан 6 жыл бұрын ата қонысқа оралғандарға арнап 75 үй салынды. 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. Қандастарымыздың 65 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың көбі Көктаудағы мыс-мырыш кен өндіру кәсіпорнында еңбек етеді. Депутаттармен кездесуде ауылдықтар өз ісін бастауға жеңілдік жасалатынын естіп, жеке кәсіп ашу жолдарын сұрады. Елбасы 2018 жылы қосымша 20 миллиард теӊге бөліп, шағын несиелердіӊ жалпы сомасын 62 миллиард теӊгеге жеткізуді тапсырды. Халықтың көңілінен шыққан бастаманың бірі – ипотекалық несие шарттарының жеңілдеуі. 

Иван Клименко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Үкімет осы бастамадағы міндеттерді реттеуге және ипотекалық несиеге байланысты мамыр айында қаулы қабылдайды деген жоспар бар. Тамыз айынан бастап ең жоғары пайыздық мөлшерлеме 7 пайыз болады. Негізгі оператолар, яғни екінші деңгейлі банктердің пайдасы да соның ішінде болады. 7 пайыздан жоғары болмауы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы