384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада ХІІІ халықаралық HR конференциясы өтеді

  • 584
  • UPD: 15:35, 03.04.2018

«Болашақты ұйымдастыру». Сәуірдің 26-27-сі күндері өтетін ХІІІ халықаралық HR конференцияның тақырыбы осындай.

«Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті мұрындық болып отырған ауқымды шара компания жетекшілерінің біліктілігін арттыруға бағытталған.

Кез келген мекемені дамыту үшін басшы ұжымының корпоративтік мәдениетіне мән беруі керек. Осы мақсатта компания жетекшілері қол астындағы қызметкерлерінің әрбірін жекелей даралап, олардың мықты тұстарын тиімді қолдана білуі қажет.

Владимир Шиков, «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің дамыту жөніндегі директоры:

- Ортақ мәселені әр қызметкер өз кабинетінен шықпай шешетін кезең келмеске кетті. Бүгінде компания алдына қойылған мақсаттарды әлеуметтік желі арқылы талқылап та орындауға болады. Командалық жұмыс орнаған кезде ғана нәтиже болмақ. Конференция қарсаңында өткізіп жатқан тренингтердің бірқатары осы тақырыпты қаузамақ.

HR конференциясына әлемнің әр бұрышынан белгілі спикерлер келеді деп жоспарланып отыр. Халықаралық беделге ие ірі компаниялардың HR саласының белді өкілдері құнды тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға көрнекі мысалдарын ұсынбақ. Шараға қатысқысы келген әрбір азамат «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің ресми сайтында тіркеле алады. Ол үшін www.skcu.kz мекенжайына өту керек.

Баян Каюпова, «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеттің PR-менеджері:

- Жалпы, биылғы жылы конференцияның негізгі бағыты – компаниялардың стратегиялары мен корпоративтік мәдениетінің байланысы бойынша мәселелер қозғалады. Ал ең басты әрі негізгі спикеріміз әлемге әйгілі ғалым, зерттеуші және корпоративтік мәдениет туралы әдістердің авторы – Роберт Куин.

Ал шара соңында қатысушыларға бестселлер авторының әзірге сатылымда жоқ кітабы сыйға тартылады.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы