386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде электр энергиясымен жүретін жүк көліктері пайда болмақ

  • 458
  • UPD: 21:14, 03.04.2018

Екі жылдан соң елімізде электр энергиясымен жүретін жүк көліктері пайда болмақ.

Аталған темір тұлпарлар Қостанай мен Алматыда шығарылады. Мұндай ақпарат бүгін Астанада өтіп жатқан үшінші KIAF қазақстандық халықаралық автокөлік форумында айтылды. Машина жасау саласының халықаралық жетекші сарапшылары мен қазақстандық өндірушілері бас қосқан шарада утилизация мәселесі де сөз болды. Айталық, Қазақстанда жыл сайын ескі көліктердің саны артып келеді. Сондықтан бұл бағытта жеке утилизациялық бағдарлама жасау керек. «Ол үшін бірнеше зауыт іске қосылып, ескі көліктерді қабылдайтын мекемелерді көптеп ашқан жөн», – дейді сала мамандары.

Руслан Байқабылов, Қазақстандағы авто құрастыру зауытының коммерциялық директоры:

– Қазақстандық утилизациялық бағдарламаны ресейлік деңгейге дейін көтеру керек. Нәтижесінде отандық машина жасаушылар экспорт көлемін арттыра алады. Қазір біздегі утилизация деңгейі төмен. Ескі көліктерді қабылдап, өңдейтін алып кәсіпорындар жоқ. Ол үшін арнайы бағдарламалар қабылдануы керек.

Хабар 24 телеарнасы