386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция қазақтары Наурыз мейрамын тойлады

  • 743
  • UPD: 10:48, 04.04.2018

Париждегі қазақ диаспорасының өкілдері болса Наурыз мейрамын атап өтіп жатыр.

Көктемнің шуақты мерекесін Франциядағы қазақстандық елшіліктің қолдауымен казақтар қауымдастығы ұйымдастырды. Париж маңындағы Гарж-ле-Гонесс қалашығында Ұлыстың ұлы күніне орай футбол турнирі өтті. Көрермендердің назарына Қазақстан эстрадасы және халықаралық балалар байқауы жеңімпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұсынылды. Ал киіз үйде ұлттық киім үлгілерінің, әйелдер зергерлік бұйымдары мен көшпенді халықтың тұрмыс-тіршілігінде қолданған заттардың көрмесі өтті.

Мұстафа Ұслужан, Франциядағы қазақтар қауымдастығының басшысы:

Наурыз мейрамымыз құтты болсын! Барлықтарыңызға Парижден атажұртқа көп-көп сәлем! Бірінші рет осы жақта бүкіл Париждегі қазақтары жиналып, құттықтап жатырмыз. Барлықтарыңыздың мейрамдарыңыз құтты болсын деп айтамын! Осы жақта 250 үй қазақ бар. 2 мыңға дейін балалы-шағалы, Казақстаннан осы жаққа келіп оқып жүрген балаларымыз да бар. Солардың бастарын қосып, тойларда жиналып тұрамыз.

Хабар 24 телеарнасы