389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда жол сақшылары борышкерлерден 5,5 млн теңге өндіруге көмектесті

  • 580
  • UPD: 12:55, 04.04.2018

Ақтаулық жол сақшылары айыппұл төлемей жалтарып жүрген көлік иелерінен 5 жарым миллион теңге өндіріп алды.

Бұл үш күндік «Борышкер» акциясының нәтижесі. Әр тоқсан сайын өтетін дәстүрлі шараға сот орындаушылары мен «Автоураган» жылжымалы кешені жұмылдырылды. Төбесіне орнатылған бейнекамералары арқылы айыппұл немесе салық төлемей  жүргендерді жол үстінде анықтап беретін «ақылды машина» көмегімен 1 млн теңге өндірілді. Сонымен қатар 5 автокөлік айып-тұраққа қойылды. Олардың иелерінің берешегі 100 мың теңгеге жуықтайды.

Исатай Абылаев, ІІД ӘПБ процессуалдық орталық жетекшісі:

- «Борышкер» акциясы кезінде 2 млн 758 мың теңге көлемінде әкімшілік жазалар тағайындау бойынша 267 қаулы қабылданды. Сондай-ақ 5 млн 861 мың теңге айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі 523 қаулы жеке сот орындаушыларына жолданды. Бас-аяғы 3 мыңнан аса көлік жүргізушілеріне 7 күн ішінде айыппұлдың 50 пайызын төлеуге болатындығы ескертілді.

Хабар 24 телеарнасы