386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында жел электр станциясы іске қосылады

  • 741
  • UPD: 13:03, 04.04.2018

Алдағы айда Маңғыстау облысында күн мен желден жалпы қуаты 12 МВт болатын электр станциясы іске қосылғалы жатыр.

Оның біреуі Түпқарағанда тағы бірі Мұнайлы ауданында салынуда. Соңғысы еліміздегі баламалы қуат көзін өндіретін ең алғашқы отандық станция болмақ. Құрылысқа елімізде өндірілген күн панельдері қолданылды. Қуаты 7 мВт болатын станция Батыр ауылы мен осы маңдағы өндіріс ошақтарын тоқпен қамтамасыз етеді. Қазір аймақта бұдан бөлек Шетпе ауылында 12 мВт күн сәулесін өндіретін ірі станция салынып жатыр. Бұл жобалар өңірдегі электр энергиясын 5 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, осындай қуат өндірісі ауаға таралатын көмірқышқыл газын барынша азайтуға оң  ықпал етпек.

Хабар 24 телеарнасы