388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары Атырау облысында ауыл халқымен жүздесті

  • 725
  • UPD: 13:30, 04.04.2018

Мәжіліс депутаттарының бір шоғыры Атырау облысына ат басын бұрды.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, Жексенбай Дүйсебаев, Серік Сапиев бастаған топ мүшелері Исатай ауданының халқымен жүздесіп, елдің жай-күйімен, жергілікті өндіріс орталықтары және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Сонымен қатар өндірісті өлкедегі мемлекетттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалардың құрылысы және іске қосылған нысандардың жұмыс  сапасымен де танысты.Депутаттар аймақтағы өндіріс орталықтарындағы жұмысшылардың талап-тілектерін тыңдап, көкейтесті мәселелерді үкіметтік деңгейде шешуге атсалысатынын жеткізді. Тұрғындарының барлық мұң-мұқтажын қаперге алып, тиісінше шешімдер қабылдау да ойда бар. Халық қалаулылары көпшілік мүддесі үшін қажет болса  қолданыстағы заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге де ниетті екендерін жеткізді. 

Бақтықожа Ізмұхамбетов,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Еліміздің болашақтағы экономикалық көркейуімен қатар экологиялық жағдайыңызда түлезуіне Елбасы үлкен мән беріп отыр. Сондықтан барлық жасалып жатқан істердің барлығына біз үлкен оң көзқараспен, түсінікпен қарап отырмыз. Жалпы облыста басқа аймақтардағыдай секілді Елбасының басшылығы мен Үкіметтің қолдауымен жасалып жатқан іс-шаралардың барылғы көңілге қонарлық.

Хабар 24 телеарнасы