389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Меркі ірімшік зауыты толық қуатында жұмыс істеп тұрған жоқ

  • 1008
  • UPD: 11:41, 05.04.2018
Меркі ірімшік зауыты толық қуатында жұмыс істеп тұрған жоқ

Жамбыл облысындағы Меркі ірімшік зауыты толық қуатында жұмыс істеп тұрған жоқ, тек 20 пайыз ғана мүмкіндігін пайдаланып отыр.

Тәулігіне 50 тонна сүт өңдеу мүмкіндігі бар кәсіпорында шикізат тапшы. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарымен өткен кездесуде айтылды. Тығырықтан шығудың бірден бір жолы шағын несиені көбейту керектігі ұсынылды. Яғни Елбасының әлеуметтік бастамасында көрсетілгендей несиені жеке үй жанынан құрылған зәкірлі кооперациялар жобаларына бағыттау қажет. Осы арқылы ауылшаруашылығы кәсіпорындарындағы шикізат тапшылығын жойып, өнім сатылымын қамтамасыз етуге болады. Айта кету керек, депутаттар тобы аудандағы әлеуметтік нысандар, кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарды аралап, жұмысымен танысты.

Әбдіманап Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Шағын бизнесте жұмыс атқаратын адамдарды 7 мыңнан 14 мыңға дейін көбейтетін болып жатыр. Әр адамға, ұжымға 19 млн теңгеге дейін берілетін болып жатыр. Жалпы Елбасының осы бес әлеуметтік бастамаларының бәрі Жамбыл жұртшылығы қолдап жатыр. Қуанып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы