387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда мемлекеттік қызметкерлерге медициналық қызмет көрсететін орталық ашылды

  • 868
  • UPD: 11:44, 05.04.2018
Талдықорғанда мемлекеттік қызметкерлерге медициналық қызмет көрсететін орталық ашылды

Талдықорғанда мемлекеттік қызметкерлерге бірыңғай медициналық қызмет көрсету орталығы ашылды.

«Бұл мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға оң әсер етеді», – дейді мамандар. Орталықта мемлекеттік қызметшілермен бірге олардың отбасы мүшелеріне де медициналық қызмет көрсетіледі. Алматы облысының орталығында 56 ведомство бар. Онда екі мыңнан астам мемлекеттік қызметкер еңбек етіп жатыр. Енді олар Талдықорған қалалық №2 емханасына да көріне алады. Бұл бағытта Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасында бірлескен меморандумға қол қойылған.

Арман Жансеңгіров, қалалық №2 емханасы директорының орынбасары:

– Бүгінгі күні емханада 500-ден аса мемлекеттік қызметкер тіркелген. Оларға жоғары дәрежелі дәрігерлік көмек көрсетуге дайынбыз.

Әйгерім Жарылқасынова, мемлекеттік қызметкер:

Өмірдегі ең бастысы денсаулық – зор байлық. Сондықтан барлық мемлекеттік қызметкерлерді өз денсаулықтарына аса үлкен жауапкершілікпен қарауға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы