384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертістің төменгі сағасында тасқынның алдын алу шаралары жүріп жатыр

  • 346
  • UPD: 22:00, 05.04.2018

Ертістің Семейден төменгі сағасындағы ауылдар да тасқынның алдын алу үшін қамданып жатыр. Бесқарағай ауданының Глуховка ауылдық округіне қарасты 5 елді мекен өзенге таяу орналасқан.

Болат Көкенайұлы, тілші:

- Бұған дейін Старая крепость, Глуховка, Стеклянка ауылдары төтенше жағдайсыз аман өткен. Қазір 127 тұрғыны бар Бірлік ауылының маңайында сең жүре бастады. Алайда ежелден Ертіс жағасын мекендейтін халық бұл құбылысқа байыппен дайындық жүргізгені көрініп тұр. Биыл тек мұздың қалың әрі тоңның бір жарым метрге дейін қатуы қосымша әуре сарсаңға салғаны бар жұртты. Ауылдық округте арнайы штаб құрылып, қауырт жұмыстар жүріп жатыр. Ол туралы жергілікті атқарушы билік өкілдері мен шаруа қожалығының жетекшісі айтсын.                                                                                                              

Алмас Тастенбеков, Глуховка ауылдық округінің әкімі:

- Екі бұрылыс бар, жылда кептеліс қаупі болады, сондай жағдайда ауылға қауіп төнеді. Қазіргі таңда халық барлығы ескертулі, округте аудан әкімі басқарған аудандық штаб құрылған, 70-ке жуық жатын орындары дайындалған. Егер де су тасқыны болатын болса, қажетті дәрі-дәрмек қоры, азық-түлік қоры дайындалып, қажетті құрал күштер дайындалды автобустар көшіруге. Техника, шаруа қожалықтарымен келісім шарт жасалып, олар да жұмылдырылатын болады.

 Оралбек Тоқашев, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Біз тек кептелістен қорқамыз, ал былай жылдағыдай өтіп жатады Ертіс, ол өз жолымен жүре береді. Ертістің қасында тұрғандықтан әрбір азамат өз міндетін біледі. Егер де апат бола қалса, қай жерге барады, қай жерде жиналады, кім малды шығарады. Техника жолда дайын тұрады. Оның бәрін ұйымдастырып қойғанбыз.

Біздің алып қосарымыз, осыдан 2 бұрын Стеклянка ауылының маңайында су көтеріліп, 2-3 аулаға су кіріпті. Алайда материалдық шығын жоқ. Сонымен қатар Семияр және Кривинка ауылдарында да мұз жару жұмыстары бірнеше күннен бері жүріп жатқанын айта кетейік.

Хабар 24 телеарнасы