386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ-да 2019-2021 жылдарға арналған антитеррорлық бағдарлама жобасы мақұлданды

  • 844
  • UPD: 21:58, 05.04.2018

Ташкентте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының өңірлік антитеррорлық құрылым кеңесі 2019-2021 жылдарға арналған бағдарлама жобасын мақұлдады.

Үш жылға негізделген құжатта әлем жұртшылығын алаңдатып отырған терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес шараларын бірлесіп нығайту көзделген. Құзіретті орган өкілдері 20-дан астам мәселені талқылады. Күн тәртібінде  халықаралық лаңкестік және экстремистік ұйымдардың жымысқы әрекетіне бірлесіп тосқауыл қою мәселесі қаралды. Сондай-ақ ұйымға мүше елдердің аумағында бірлескен шекаралық операция жүргізу туралы шешім қабылданды. Кеңестің келесі отырысы күзде Қырғызстанда өтеді.

Рустам Мамасадыков, Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары:

- Лаңкестікке қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында БҰҰ КТК Атқарушы дирекциясы мен БҰҰ-ның Терроризмге қарсы күрес жөніндегі атқарушы дирекциясы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдар жобасы мақұлданды. 2018 жылдың төртінші тоқсанында ШЫҰ мүше елдер мен БҰҰ бақылаушы ұйымы халықаралық лаңкестікке және экстремизмге қарсы тұру саласындағы ынтымақтастық жақсарту мақсатында алтыншы ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу туралы шешім қабылданды.

Сергей Швейкин, ҚР ҰҚК ТКО штаб басшысының бірінші орынбасары:

- Терроризм мен экстремизмге қарсы жұмылып жұмыс атқару бағытында көптеген маңызды мәселелер талқыланды. Бірқатар шешімдер қабылданды. Нақтырақ айтқанда бірлесіп атқаратын жобалар белгіленді. ШЫҰ аумағындағы бас бостандығынан айрылған халықаралық террорлық ұйым мүшелерінің өзгелерді алдап құрығына түсіруіне жол бермеу. Терроризм мен экстремистік ағымдардың әлемдік желі арқылы таралып кетпеуіне жол бермеу мәселелері қаралды.

Хабар 24 телеарнасы