388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Салмағы 100 келі бекіре балығы атыраулық балықшылардың ауына түсті

  • 1085
  • UPD: 20:45, 06.04.2018
Салмағы 100 келі бекіре балығы атыраулық балықшылардың ауына түсті Фото: inform.kz

Атырау бекіре шабақтарын өсіру зауыты үшін көктемгі балық аулау маусымы сәтті басталды.

Балық зауытының тапсырысымен жұмыс істейтін өндірістік кооператив балықшылар жалпы салмағы 100 келі, ұзындығы 2 метр болатын алып бекіре балығын ұстады. Бұл – бағалы балық тұқымдастарының ішіндегі белуга, яғни қорытпа деген түрі. Бекіре зауыттары енді арнайы зертханада бұл балықтың ұрығын алып, одан миллиондаған дана шабақ өсіретін болады. Соңғы 15 жылдан бері тұқымы мүлде сиреп бара жатқан бекіре тектес балықтарды аулауға мүлде тыйым салынған. Қазір тек ғылыми-селекциялық бағытта аз көлемде ғана аулауға рұқсат етіледі. Бағалы балық қорын толықтыруға атсалысып жатқан Атыраудағы екі зауыт жыл сайын 7 миллион дана бекіре шабағын өсіріп, Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне жіберумен айналысып келеді.

Хабар 24 телеарнасы