386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО-ға мүше елдер тұрғындарын зейнетақымен қамту туралы шарт 2019 жылы күшіне енуі мүмкін

  • 658
  • UPD: 10:59, 07.04.2018

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбеккерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі келісім-шарт» 2019 жылы күшіне енуі мүмкін.

Бұл туралы экономикалық одақтың Алматыда өткен әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі Консультативті комитетінің төртінші отырысында айтылды. Сарапшылардың пікірінше, аталған құжат бес мемлекеттің еңбеккерлерінің әлеуметтік қорғалуын күшейтеді. Мысалы, Қазақстанда жұмыс істейтін Ресей азаматы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына айлық табысынан 10 пайыз жарна төлеп отыруы тиіс. Зейнет жасына жеткенде жұмысшының жинаған жарнасы оның ресейлік қордағы есепшотына аударылады. Ресейге немесе Еуразиялық экономикалық одақтың өзге мемлекеттеріне жұмыс істеуге барған Қазақстан азаматтарына да осындай қағида бойынша зейнетақы төлемдері  жүргізіледі.  

Валерий Ковальков, Беларусь Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

- Әр елдің зейнетақы жүйесі әртүрлі. Мысалы, Беларуста міндетті зейнетақы жарнасы мүлдем жоқ. Дегенмен, осы құжатты талқылау кезінде қыруар жұмыс атқарылды. Еңбеккерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың келісілмеген екі тұсы ғана қалды.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

- Бұл келісім-шарттың ең негізгі міндеті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің еңбеккерлеріне әлеуметтік кепілдік беру. Дайындалып жатқан құжатта зейнетақымен қатар, еңбекке жарамсыз болып қалған кезде, асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету мәселесі де қарастырылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы