380,84 420,44 6,06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда мақта матасын өндіретін ірі фабриканың құрылысы басталды

  • 1072
  • UPD: 23:00, 07.04.2018

Бұл – Маңғыстау өңіріндегі қолға алынған алғашқы тоқыма өндірісі.

Зауыт Үндістан инвесторларының қаржысына салынады. Кәсіпорын күніне 80 тонна жіп иіріп, 60 мың метр мата тоқитын болады. Мақтадан матаның бірнеше түрін өндіретін кәсіпорынның өнімдері экспортқа шығарылады. Құрылыс аяқталған соң 700 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Биыл Ақтаудағы индустриялық алаңда бұдан өзге тағы 3 бірдей өндіріс ошағының іргетасы қаланады. Феррохром мен болат қорыту зауыттары мен газтурбиналық станция салынады. Жалпы құны 360 миллиард теңге тұратын 4 жобаның барлығы шетелдік инвесторлардың қаржысына жүзеге асырылады.

Лесбек Ілебаев, «Каспий» ӘКК басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

- Құрылыс мәселесі биылғы жылға жоспарланып отыр. Ал 2019 жылы оларды іске қосамыз деген ойдамыз. Қазір құрылыс кезінде мыңнан аса жұмыс орны болады. Ал жобалардың барлығы іске қосылғаннан кейін 850-900 жұмыс орындай ашылады.

Хабар 24 телеарнасы