387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында ауыл әкімдері жаңа көлік мінді

  • 613
  • UPD: 11:28, 08.04.2018
Ақтөбе облысында ауыл әкімдері жаңа көлік мінді

Ақтөбеде 25 ауылдық округтің әкіміне су жаңа қызметтік көлік берілді.

Шенеуніктерге көлік алу үшін облыстық бюджеттен 96 миллион теңге қаражат бөлінді. Жыл басында 59 ауылдық округтің әкімі көліктерінің ескіргендігін айтып, өтініш жазған. Енді бұл мәселе шешімін таба бастады. Жаңадан құрылған ауылдық округ басшылары да көлікті болды. Оның ішінде Қобда ауданындағы Талдысай ауылдық округі де бар. Болашағынан зор үміт күттіретін елді мекеннің мыңнан астам тұрғыны бар. Жалпы облыста 147 ауылдық округ тіркелген.

Жомарт Шабаров, Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі:

– Бұған дейінгі алынған автокөлік 2007 жылы берілген болатын, одан кейін енді біраз жыл өтті. Енді қазір халықтың әл-ауқатын көтеруге, тұрмыс-тіршілігін көтеруге, халықпен тығыз байланыс жасауға, түкпірдегі ауылдарға барып келіп, қатынасты, біздің жұмысымызды жүйелендіруге үлкен көмегін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы