386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Былтыр ашылған Жұмыскер ауылындағы мәдениет үйі жанынан ардагерлер хоры құрылмақ

  • 672
  • UPD: 14:24, 08.04.2018

Былтыр Атырау облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 108 жоба жүзеге асты.

Нәтижесінде ондаған мәдениет үйі, гүлзар мен саябақ пайдалануға берілді. Әсіресе ауылдық жерлерде бой көтерген мәдениет ошақтары халықтың игілігіне айналып үлгерген.

Сегіз жасар Бибікәусардың бимен айналысқанына 2-ақ жыл. Әзірге бүлдіршін би өнерінің қыр-сырына жетіліп үлгере алмай жатыр. Дегенмен апайының үйреткендерін қалт жібермеуге тырысады. Бұған дейін облыс орталығынадағы би мектебінен тәлім алып жүрген жас талап – енді үй іргесіндегі мәдениет үйінің игілігін анық сезінгендердің бірі.

Бибікәусар Бағыт, жас биші:

– Бұрында мен қалада қатысқанда жете алмай жүрдім. Күн суық автобустарда жүре алмайтынмын. Енді қазір біздің Жұмыскерден мәдениет үйі ашылды. Соған күнде келемін.

Биыл Жұмыскер ауылындағы «Қызғалдақ» вокалды аспаптар ансамблінің құрылғанына 50 жыл толады. Жарты ғасырда 4 буынды тәрбиелеп шығарған өнер ұжымы енді жастармен жұмыс істеуді қолға алған.

Жұмабек Ғаббасов, «Қызғалдақ» ВАА жетекшісі:

– Біз тобымызға қазір барабаншылар, гитаристер, ән айтатын өнерлі жастарды іздестіріп жатырмыз. Оның себебі баяғыдан келе жатқан дәстүрлі «Қызғалдақ» ансамблінің жалғасын табуы үшін біздер сондай жас мамандарды іздеп жатырмыз.

Жұмыскер мәдениет үйі өткен жылдың аяғында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында пайдалануға берілген болатын. Мұнда 200 орындық көрермен залы мен 23 мың дана кітап қоры бар кітапхана, сондай-ақ жұмыс істейтін вокал, би, драмалық үйірмелер жұмыс істейді. Үйірмелерде 100-ге тарта баланы қамтыған.

Ғабит Қайрекешев, мәдениет үйі директорының орынбасары:

– «Рухани жаңғыру» ауылдың халқына, санасына жаңа серпіліс әкелді. Ауыл тұрғындары үшін осындай ғимараттың салынуы өнерге деген, мәдениетке деген талпынысын оятып, өскелең ұрпақты сол рухта тәрбиелеуге оң нәтижелерін бере бастады.

Қазірдің өзінде ауыл ағаларының жиналатын негізгі орнына айналған Жұмыскер мәдениет үйі жанынан ардагерлер хоры құрылмақ. Былтыр Атырауда мұнай компаниялары мен жергілікті кәсіпкерлердің күшімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 108 жоба жүзеге асты. Нәтижесінде Жұмыскер секілді шағын ауылдарда ондаған өнер ошақтары мен спорт алаңдары бой көтерді.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы