384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Христос жексенбісінде жұрт бір-біріне деген реніштерін кешіреді

  • 723
  • UPD: 22:54, 08.04.2018

Православ христиандары Пасха мерекесін тойлап жатыр. Бұл мейрам Иса пайғамбардың қайта тірілу құрметіне тойланады.

Орыс Православ шіркеуінің басшысы митрополит Александр мерекелік Пасха рәсімдерін Алматыдағы Вознесенск кафедралы шіркеуінде өткізді. Мұнда мерекелік қоңырау соғылып, шіркеуге келгендер Құдайға құлшылық етті. Сондай-ақ мереке қарсаңында Президент Нұрсұлтан Назарбаев православ христиандарына сыйға тартқан Құдай ана Тихвин иконасы шіркеуге жиналған халықтың алдына шығарылды. Жалпы еліміздің барлық өңіріндегі шіркеулерде мерекелік құлшылық ету рәсімі өтті. Славяндар тәтті тоқаш пісіріп, жұмыртқаны түрлі түске бояп, мерекелік дастархан жайды. Христос жексенбісінде жұрт бір-бірімен көрісіп, өкпе-реніштерін ұмытады.

Айта кетейік, православ хрисиандары аталған мерекені алдағы бір апта бойы тойлайды.

Александр, Қазақстандық және астаналық митрополит:

- Пасха – мейрамдардың ішіндегі ең  ұлық мейрам. Христостың өлімді жеңіп, өмірге оралуын тойлайтын салтанатты мереке. Пасха адамдардың өмірге деген құлшынысын оятып, жер бетінде тату-тәтті, адал өмір сүруіне сенім береді. Осы ұлық мейраммен барлық правослов өкілдерін құттықтаймын. Бірлік пен татулықта бейбіт өмір сүрейік.

Светлана Решетникова, қала тұрғыны:

- Мен барлық жандардың жүрегінде үміт, сенім және махаббат отының өшпеуін тілеймін. Махаббатсыз үміт пен сенім жоғалады. Баршы халыққа жақсылық пен тыныштық тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы