387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлықтар Денсаулық күнінде ауқымды акция өткізді

  • 672
  • UPD: 15:14, 09.04.2018
Павлодарлықтар Денсаулық күнінде ауқымды акция өткізді

Өткен демалыс күндері павлодарлықтар «Денсаулық күнін» атап өтті.

Адам аяғы арылмайтын ірі сауда орталықтарында дәрігерлер арнайы медициналық қызмет көрсетті. Ал жастар жағы флешмоб ұйымдастырып, салауатты өмір салтын насихаттады. Кең ауқымды акцияны өткізуге Павлодардың «Салауатты өмір салтын қолдау орталығы» ұйытқы болды.

Демалыс күні «Артур» сауда үйіне келген тұрғындар ерекше көрініске куә болды. Халықты әсерлі биімен баурап әкеткен жеткіншектер «денсаулықты күту сәнге айналуы тиіс», –деген пікірде.

БЛИЦ:

– Жалпы би – спортың бір түрі. Спортпен айналысу бәріміздің денсаулығымызға пайдалы. Сондықтан бимен айналысыңыздар.

– Маған бимен айналысқан ұнайды. Мен барлық жастарды салауатты өмір салтына шақырамын. Бұл қозғалыс, бидің адамдарға пайдасы бар. Мен екі жыл бимен айналысамын.

Бұл күні «Батыр Мол» сауда орталығы кішігірім медициналық қалашыққа айналды. Дәрігерлер тұрғындардың қан қысымын өлшеді. Павлодарлықтар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Жүрек қантамырлары мен сусамыр дертінен сақтанудың жолдарын біліп, тегін дәрігерлерлік кеңестер алды.

Тұңғышбай Баймаханов, қалалық салауатты өмір салтын қолдау орталығының директоры:

– Денсаулығын сақтау үшін өзінің медициналық шараларға қатысу арқылы адам баласына жаман факторлар: арақ, темекіден аулақ болып, салауатты өмір салты ережесін сақтап, оны өз өміріне, балаларына жеткізу қажет. Сосын қазір өздеріңіз білесіздер, техника мен транспорттың арқасында біз жүрмей қойдық. Оны гиподинамия дейді. Соның барлығын халықтың есіне түсіріп, қалай шешу керек екенін пысықтап, үйреткеніміз дұрыс деп ойлаймын.

Бұл күні қаладағы «Тop star» фитнес клубы да тұрғындарды басты байлық денсаулыққа немқұрайлы қарамауға шақырды. Әр жастағы адамдарға қажет сауықтыру жаттығуларын көрсетті. Ал жергілікті емханаларда Дүнижүзілік денсаулық күніне орай Ашық есік күндері өтті. Салауатты өмір салтын ұстанатын ең белсенді тұрғындар спорттық шараларға қатысты.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы