386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде ерікті жастар тасқынның салдарымен күресуге көмектесіп жатыр

  • 461
  • UPD: 14:24, 10.04.2018

Семейде ерікті жастардан құралған жасақтар бірнеше топқа бөлініп қаланың әр аумағында су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын беріп жатыр.

Бір жұманың ішінде Түйемойнақ аралы, Пристань, Мирный кенттерінде 100-ден астам үй мен аулаларда ауқымды шаруалар атқарылды. Бұған негізінен қаладағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының 700-ден астам студенттері тартылды. Жігіттер қирандыларды ретке келтіріп, қоқыстарды тазалап, құрылыстар жұмыстарымен айналысса қыз балалар үй шаруасына көмектесіпті. Алдағы күндері жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылмақ.

Олжас Соғымбаев, қалалық жастар ресурстық орталығының директоры: 

- Семей электротехникалық колледжінің белсенді жастары, арнайы рұқсат қағаздары бар электр мамандары осы күнге дейін, қателеспесем, 10-нан астам үйде болып, су деңгейі жоғары көтерілген үйлердің электр сымдарын қайтадан қалпына келтіру жұмыстарына ат салысып жатыр. Бұл жұмыстар мұнымен тоқтамайды. Қазір аулаларда су кеуіп, қалпына келген жағдайда одан әрі әр үйлерде жалпықалалық сенбілікте жастар тарапынан көмектер көрсетіліп тұратын болады.

Хабар 24 телеарнасы