389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде арнайы комиссия тасқыннан зақым келген үйлерді аралады

  • 438
  • UPD: 14:49, 10.04.2018

Өскемен қаласында 150-ден астам үйді су басып қалған еді. Қазір су толықтай сорғызылып, қауіп сейілді.

Қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссия зақым келген үйлерді аралап жүр. Оның құрамында қалалық маслихат депутаттары, әлеуметтік сала мамандары мен өзін-өзі басқару комитетінің  өкілдері бар. Олар әрбір үйдің жағдайын көріп, бүлінген мүлкікті есепке алады. Комиссия мүшелерінің айтуынша, қалада 72 баспана қатты зақымданған. Дегенмен олар тұруға жарамды екен. Сондықтан  үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды. Оған қанша қаражат  және қандай құрылыс материалдары қажет, оны сала маманадары анықтайды. Ал қала бойынша тасқыннан зардап шеккендерге әзірге 50  миллион  теңге бөлінді. Жалпы қанша шығын келгені комиссия жұмысынан соң нақты белгілі болады.

Сандуғаш Көшербаева, қала тұрғыны: 

- Бізге ондай көмек өте керек. Еденім бәрі осы судан кейін қозғалып үйім бәрі  қозғалып, есік дұрыс жабылмай көп нәрсені көріп  кетті. Енді сол комиссия маған айтты көмек жасаймыз деп. Енді олар көмек жасайды деп сенем мен. 

Максим Клименко, №4 өзін өзі басқару комитетінің төрағасы: 

- Арнайы  құрылған комиссия су басқан барлық үйді аралып шығатын болады. Бүлінген дүние мүліктің бәрін суретке түсіреді. Құрылыс материалдары қанша қажет.  Үйді өзі тұруға жарамды ма, жоқ па соның бәрін қараймыз. Үйге жөндеу қажет болса, құрылыс материалдары беріледі.

Хабар 24 телеарнасы