384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жекешелендіруді жүргізу барысына кедергі не?

  • 591
Жекешелендіруді жүргізу барысына кедергі не? primeminister.kz

ҚР Қаржы министрі Б.Т.Сұлтанов ҚР Үкіметінің отырысында жекешелендірудің кешенді жоспарының ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы қорытындылары туралы хабардар етті.

«Қаржы министрлігінің басшысы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жоспардағы 40 объектінің орнына 45 объекті сауда-саттыққа шығарылып, олардың ішінен 20-сы сатылды. Сату бағасы 19 млрд теңгені құрады», деп хабарлады. 10 объекті бойынша тарату туралы шешім қабылданды.

«Бірінші тоқсанның жоспары артығымен орындалды. Оған Қызылорда облысы әкімдігінің, «Ақтөбе», «Жетісу», «Орал», «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының объектілерін мерзімінен бұрын сауда-саттыққа шығару арқылы қол жеткізілді. Сонымен бірге, өз мерзімінде сауда-саттыққа шығарылмаған объектілер де бар. Астана қаласының әкімдігі, «Каспий» және «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының 5 объектісі жиынтық сату кестесіне сәйкес сауда-саттыққа өз мерзімінде шығарылмаған. Бірінші тоқсанда жалпы объектілердің сатылу деңгейі таратылатын ұйымдарды қоса есептегенде, 67 процентті құрады», – деп түсіндірді министр.

Топ объектілері бойынша жалпы жекешелендіруге жататын 71 топ объектінің бүгінгі күнге дейін 13-і сатылды. Сату бағасы 95 млрд. теңгені құрады.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының 7 объектісін бас компанияның құрамында «пакеттік» сату туралы шешім қабылданды.Бірінші тоқсанда топ объектілері бойынша айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Ағымдағы жылы 40 топ объектісін сату жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда оның алтауы сауда-саттыққа шығарылып,қалған 34 объекті бойынша сату алдындағы дайындық және сатып алушылармен келіссөздер жүргізілуде», – деді Қаржы министрлігінің басшысы.

Бұл топ объектілерінің ішінде республикалық меншіктегі 11 объекті де бар, олардың 2-уі бойынша кейбір мемлекеттік органдар тиісті іс-шараларды уақтылы жүргізбей отыр.

Инвестициялар және даму министрлігінің иелігіндегі «Қазгеология» акционерлік қоғамы объектісі бойынша жекешелендіру түрі және шарттары бойынша пысықталған ұсыныстар әлі күнге дейін ұсынылған жоқ.

Одан кейін Мәдениет және спорт министрлігінің иелігіндегі «Қазспортинвест» акционерлік қоғамы. Бұл объектіге қарасты Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын коммуналдық меншікке беруге қатысты шаралар орындалмай жатыр (бұл жөнінде Мемлекет Басшысының тиісті тапсырмасы бар).

Бақыт Сұлтанов мониторинг нәтижелері туралы айтып берді. Айта кетейік, Үкіметтің 16 қаңтарда өткен отырысында біз жекешелендіру барысын баяулататын мәселелерді қозғаған болатынбыз – бұл сауда-саттыққа шығару мерзімін сақтамау, мемлекеттік қатысу үлестерін бөлшектеп сату, сату алдындағы және тарату шараларын «ұзаққа» созу мәселелері болатын.

Сонымен бірге мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталындағы «Жекешелендірудің екінші толқыны» атты баннерде кемшіліктерге жол берген объектілер мен сатушыларды көрсететін бөлек қызыл жолақ жасалды.

Бұдан басқа, көрсетілген кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы сатушыларға бірнеше рет хат жолданды.

«Ұлттық экономика министрлігіне «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңына жекешелендіру процесін жақсартатын бір топ түзетулерді ұсындық. Бұл түзетулер жеделдетіліп, қабылданады деп үміттенеміз», – деп Қаржы министрлігінің басшысы атап өтті. Алайда, біз жүргізіп отырған мониторингтің нәтижесі кейбір сатушылардың айтылған ескертулерге қарамастан, оларды тиісті түрде орындамай отырғандығын көрсетті.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың аяғына дейін Кешенді жоспарды толығымен орындау мақсатында Қаржы министрлігі сатушыларға сауда-саттықтың аяқталу мерзімін, оның ішінде үшінші сауда-саттықтың аяқталу мерзімін үстіміздегі жылдың қазан айынан кешіктірмей орындау бойынша жол карталарына түзету енгізуді ұсынды.

«Жол карталарына қосымша жүргізілген мониторинг бірқатар кемшіліктерді айқындады. Жекеленген іс-шаралардың орындалмауы, іс-шараларды орындамау және жоспарланған сауда-саттықтық кеш мерзімі және сату-сатып алудың қорытынды шарттары», – деді Бақыт Сұлтанов.

Хабар 24 телеарнасы