384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақфильм» балалар арасында кастинг жариялады

  • 1459
«Қазақфильм» балалар арасында кастинг жариялады kazakhfilmstudios.kz

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Махаббат. Үміт. Астана» атты сериалына балалар арасында кастинг жариялады.

Сериалды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ресейлік «Студия кино» компаниясымен бірлесе отырып түсіргелі жатыр.

Бұл туралы «Қазақфильм» баспасөз қызметі хабарлады.

Кастингке Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында тұратын балалар қатыса алады.

Қойылатын талаптар:

Ұл бала – 14-15 жас аралығындағы (қазақ, епті, өжет, түсірілімдерде тәжірибесі бар);

Қыз бала – 11-13 жас аралығындағы (қазақ, әдемі, епті, көңілді, түсірілімдерде тәжірибесі бар).

Бала туралы ақпаратты (аты- жөнін, туылған жылын, бойын, басқа да түсірілімдерге қатысқаны туралы) және фотосуретті astanacasting@gmail.com электронды поштасына жіберуге болады.

Сонымен қатар фотосуреттерді және бала туралы ақпаратты 8 701 991 3949 нөміріне WhatsApp арқылы жібере аласыздар (бұл нөмірге қоңырау шалмауларыңызды сұраймыз).

Естеріңізге сала кетсек, былтыр 19 желтоқсанда Мәскеуде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен «Первый канал» АҚ бас директоры Константин Эрнсттің кездесуі барысында, екі ел кино индустриясы мен телевизия саласын дамыту бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісім жасалып, бірлесіп кино түсіру туралы уағдаластыққа келген болатын.

Елорданың мерейтойына арналып түсірілетін төрт сериалы көркем туынды Ресейдің  «Первый канал» телеарнасынан көрсетілетін болады. Сериалдың режиссерлері – Иван Глубоков (Ресей) және Олжас Ермекбаев (Қазақстан).  Аталған фильм мистика және фантастика элементтері бар мелодрама жанрында түсіріледі. 

«Махаббат. Үміт. Астана» сериалының тұсаукесері 2018 жылдың 6 шілдесіне – Астана қаласы күніне жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы