386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенатта ТМД кеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері қаралды

  • 480
  • UPD: 19:53, 10.04.2018
Сенатта ТМД кеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері қаралды

Бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында ТМД мемлекеттерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы құжат талқыланды.

Оны Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Марат Нұрғожин таныстырды. Айта кетейік, 2013 жылдың қарашасында Санкт-Петербургте жасалған келісім көрші мемлекеттер арасында ақпарат алмасудан бастап инфрақұрылымдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дейінгі шараларды қамтиды. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасын комитет мүшелері бірауыздан қолдап, Жоғары палатаның қарауына бекіту үшін жолдады.

Нұржан Нұрсипатов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бүгінгі күнге дейін 4 мемлекет бұл заң жобасын ратификациялап қойған. Олар: Ресей, Беларусь, Тәжікстан және Қырғызстан. Жұмыс тобының отырысында біз жан-жақты қарадық. Белсенді қаралды. Туындаған сұрақтардың бәріне толық жауап алынды. Сенаттың басқа комитеттерінен заң жобасы жөнінен оң қорытындылар берілді.

Хабар 24 телеарнасы