389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Жетісу өңіріндегі қант қызылшасы алқабы 11 мың гектардан асуы мүмкін

  • 927
  • UPD: 15:39, 11.04.2018

Қант қызылшасы – Жетісудың негізгі дақылы.

Кейінгі 4 жылда оған бөлінген егіс алқабының көлемі 5 есеге ұлғайды. Бұрын бұл дақылды екпеген аймақтардың өзі қазір оған зор ынта білдіруде. Мысалы, Қапшағай қаласы биыл 700 гектарға, ал Кербұлақ ауданы 300 гектарға тәтті түбірдің тұқымын себебіміз деп отыр. Жетісу жерінде қант кластерін дамыту осылай жүзеге асып келеді.

Бұдан 4 жыл бұрын қант қызылшасы егілетін алқаптардың көлемі облыс бойынша 2 мың гектардың шамасында болатын. Биыл 11 мың гектардан асқалы тұр. Сарапшылардың айтуынша, бұл дақылды егуге жұрттың құлшынысы арта түсуде. Өйткені табысы татымды, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау да қомақты. Айтулы мамандар мен ғалымдардың қатысуымен аймақта семинарлар өтуде. Диқандардың біліктілігі артсын, тәжірибесі молайсын, жұмыстары жемісті болсын, қызығушылардың қатары көбейсін деген ниет бұл.

Серікбай Қожахметов, Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары:

– Былтыр 86 гектарға қызылша егіп, тұқымдарынан жақсы өнім алдық. Биыл енді соны 300 гектарға жеткізбекшіміз. Оған техникаларымыздың барлығын дайындап жатырмыз. Ал енді жалпы көктемгі егіс жұмыстарына бүгінге 100 пайыз дайынбыз.

Биыл облыс бойынша 415 мың тонна өнім жиналып, одан 40 мың тоннадан астам таза қант алынады деген болжам бар. Жалпы бүгінде қандай жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл туралы бізге Алматы облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Қоюмчан Омаров мырза айтып береді.

Тағы бір ақпаратты айта кетейік. Қазір облыста 2 қант зауыты бар. Біреуі – Ақсу ауданында, екіншісі – Көксу ауданында. Екеуі де жаңғыртылып жатыр. Күздегі өңдеу жұмыстары басталғанша толық дайын болады.

Хабар 24 телеарнасы