387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Самұрық-Қазына» тауар мен қызмет сатып алу талаптарының санын қысқартты

  • 887
  • UPD: 22:28, 11.04.2018

«Самұрық-Қазына» тапсырыс орындаушыларды іріктеуді жеңілдетті. Атап айтқанда, біліктілік бойынша алдын ала сүзгіден өтетіндерге қойылатын талаптар қысқарды.

Тендерге қатысушылар үшін бұл өте маңызды. Себебі 8 жарым мың тауар мен қызмет түрлері осы шарадан өткен тапсырыс орындаушылардан сатып алынады. 

Біліктілік бойынша тапсырыс орындаушыларды алдын ала іріктеу шарасын жеңілдету, тапсырыс берушіні маманданбаған бизнесмендерден қорғайды. Сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасын көтереді. Әрі кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыра  түседі. Олар жұмысын ширатып, құқықтық негізде бар мүмкіндіктерін таныстыра алады.

Қайнар Тайжанов, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директорының орынбасары:

- Тапсырысты орындайтын компанияларға қойылатын талапты екі есе шегерттік. Бұл шегертулердің көбісі орта және шағын бизнес өкілдеріне оң ықпалын тигізеді. Себебі оларға көптеген стандарттардың жоғарғы талаптарын қоймайтын шешім қабылданды.

Біліктілік бойынша алдын ала іріктеу шарасы жақын арада қазақстандық бизнес-үрдісте елеулі рөл атқарады. Іріктеудегі басты мақсат бәсекеге түсетін компаниялардың артықшылықтарын бағалау. Бизнесмендер өз ісіне тапсырыс берушінің көзімен қарап, компанияның мүмкіндіктерін шынайы бағалай алады. 

Қайнар Тайжанов, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директорының орынбасары:

- Ең маңыздысы әр компанияның өзіне өзінің қандай деңгейде өткені туралы ақпарат беріледі. Сол ақпаратқа сүйене отырып олар өздерінің жұмыстарын өзгерте алады. 08,09 Халықаралық компаниялардың да мүмкіншілігі бар бұған қатысуға.

Бизнестің алдын ала іріктеуден өтуге қызығушылығы артып келеді. Мәселен, 2016 жылы 300 компания осы шарадан өтсе, былтыр бұл көрсеткіш 4 есеге артып, 1200-ге жетті. Ал биыл 1 тоқсанның қорытындысы бойынша іріктеуден өткен тапсырыс орындаушыларының саны мыңнан асты.

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Ғани Алшынбаев

Хабар 24 телеарнасы