389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда жүзден астам жас өнертапқыш өздері құрастырған роботтарын таныстырды

  • 601
  • UPD: 14:15, 12.04.2018
Қостанайда жүзден астам жас өнертапқыш өздері құрастырған роботтарын таныстырды

Бүгін – ғылыми қызметкерлердің кәсіптік төл мерекесі.

Осы айтулы датаға орай Қостанайда «Ғылым мен техника» фестивалі өтіп жатыр. Жыл өткен сайын дәстүрлі шараға қатысушылар көбейіп келеді. Биылғы бәсекеде жүзден астам өресі биік өрендер өздері құрастырған роботтарды айқас алаңына шығарды.

Бейбарыс Едірес – студент, бұл фестивальде алғаш рет бақ сынап отыр. Болашақ мұғалімнің мақсаты – тәжірибе жинау, өзін жетілдіру. «Робот техникалармен шұғылдану – адамның ой-өрісін кеңейтеді, қиялын ұштайды», – дейді ол.

Бейбарыс Едірес, фестиваль қатысушысы:

– Балаларды дамытудың жолы көп. Бір роботтың өзінде амалдары көп. Өмір ағымынан қалып қоймау керек. Шетелде бәрі осындай бағдарламамен жұмыс жасайды. Роботтың түрі көп. Бұлар арқылы түрлі емдік қасиеттер, басқа да нәрселерді жасауға болады.

Жарыс 7 кезеңнен тұрады. Қатысушылар электронды құрылғыларын қазылардың көз алдында бөлшектеп, бағдарламаларын ағытып, қайта құрастыруы тиіс. Тапсырмалар кезең-кезеңімен күрделе береді.

Жасөспірім өнертапқыштар жасаған жобалар ғылым мен техниканы ұштастырып, тұрмысты жеңілдетуге бағытталған. Олар құрастырған үлгілер «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының барлық бағыттарын қамтиды.

Есімжан Баймақанов, фестиваль ұйымдастырушысы:

– Елбасының «Рухани жанғыру» бағдарламасы робототехниканың дамуына үлкен серпін берді. Қазір көптеген оқу орнында робототехника зертханалары ашылды. Бұл салаға балалардың қызығушылығы өте жоғары. Мысалы, біздің ғана университетте студентерден басқа мектеп оқушылары да робототехника және 3D модельдеуімен айналысып жүр.

Мұндай сайыстар болашақ инженерлердің тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік. Осы арқылы жас буынның ынтасын арттырады.

Айжан Жекеева, «Қазроботикс» федерациясының президенті:

– Біздің шараларымызға қатысқан балалар саны 2016 жылы 400 бала болса, былтыр 1300 бала болды. Биыл 3 мыңдай қатысушы тізімге кіріп отыр.

Екі күндік фестиваль аясында студент жастардың инженерлік қабілеттері үш өлшемді модельдеу олимпиадасында сарапқа салынады. Үздік шыққандар республикалық байқауға жолдама алмақ.

Авторлары: Абылай Мауданов, Ермек Мұхамедьяров

Хабар 24 телеарнасы