388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі түзету мекемесінде қолөнер жәрмеңкесі өтті

  • 788
  • UPD: 20:18, 12.04.2018
Ақтөбедегі түзету мекемесінде қолөнер жәрмеңкесі өтті

Ақтөбеде абақтыда айыбын өтеп жатқандардың қолынан шыққан бұйымдар жәрмеңкесі өтті.

Мұнда үй жиһаздары мен ағаштан қиып жасалған кәдесыйлар көптің көңілінен шықты. Әсіресе жылжымалы баспанаға қызығушылар көп. Көлік тіркемесінде газ пеші, кереует пен үстел сияқты тұрмысқа қажетті жиһаздың барлығы бар. Мұндай баспананың құны – бір жарым миллион теңге.

Айта кетейік, бостандығынан айырылған азаматтардың үштен бірі ғана жұмыспен қамтылған. Олардың орташа жалақысы –шамамен 35 мың теңге. Жәрмеңкеде көрсетілген жүздеген тауар сотталғандардың табысын айтарлықтай арттыруға болатындығын көрсетті. Бұл жәрмеңке жергілікті кәсіпкерлерді де қызықтырып отыр. Шара соңында бизнес өкілдері мемлекеттік мекемелермен құны 35 миллион теңге болатын 62 меморандумға қол қойды.

Анар Даржанова, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы:

– Осы түзету мекемесінде отырған азаматтармен біз алдағы уақытта оларға арналған түрлі семинарлар, тренингтер, оларды кәсіпкерлікке баулуға арналған шаралар өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Соның ішінде әртүрлі шеберлік сабақтары болады. Оларға шағын бизнесті ашудың түрлерін үйретеміз.

Хабар 24 телеарнасы