386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда жылу электр орталығының құрылысы басталады

  • 371
  • UPD: 11:26, 13.04.2018
Көкшетауда жылу электр орталығының құрылысы басталады

Көкшетауда көптен күткен жылу электр орталығының құрылысы басталғалы жатыр. Жобалық құны 175 млрд теңгелік аса ірі жобаны іске асыруға шетелдік инвесторлар ниет білдіріпті.

Жалпы 2017 жылы  Ақмола облысының экономикасына шетелдік инвесторлар 1 жарым млрд теңгеден астам қаржы құйған. Сондай-ақ биылдан бастап, өңірде мемлекеттік-жекеменшік əріптестік аясында 58 жоба жүзеге асырыла бастайды. Соның арқасында аймақта мектеп, балабақша сынды əлеуметтік нысандар тұрғызылады. Жол инфрақұрылымы саласында да құрылыс жүргізуге ынталы кəсіпкерлер аз емес.

Қанат Дүзелбаев, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары:

- Биыл кəсіпкерлердің көмегімен Щучинск қаласының жолдары жөнделеді. Жоба құны 3 млрд теңгеге жуық. Инвесторлар еліміздікі. Бірақ, жол құрылысына алдағы уақытта шетелдік инвесторларды тартамыз. Ал Көкшетаудағы жылу электр орталығын салуға 4 бірдей шетелдік компания ұсыныс тастап отыр.

Хабар 24 телеарнасы