378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»: Ұлттық музейде көрме ұйымдастырылды

  • 2075
  • UPD: 17:12, 13.04.2018
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»: Ұлттық музейде көрме ұйымдастырылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жарық көргеніне 1 жыл толды.

Осыған орай Ұлттық музейде арнайы көрме ұйымдастырылды. Мұнда бағдарлама аясында барлық өңірлерде атқарылған жұмыстардың нәтижелері таныстырылды. Басқосуға Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева қатысып, сөз сөйледі. Оның айтуынша, енді осыған дейін жасалған жұмысты әрі қарай тиімді жалғастыру қажет. Ол үшін бұл бағдарламаны халық арасында кеңінен насихаттау керек. Аида Балаева игі істегі бұқаралық ақпарат құралдарының да рөлі зор екендігін атап өтіп, алғысын білдірді.

Хабар 24 телеарнасы