378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы зағип жанның шәкірттері әлемнің түкпір-түкпірінде өнер көрсетіп жүр

  • 398
  • UPD: 08:28, 15.04.2018
ШҚО-дағы зағип жанның шәкірттері әлемнің түкпір-түкпірінде өнер көрсетіп жүр

Суретші, композитор, ақын, музыкант.

Шығыс Қазақстандағы Зырян қаласында бойына түрлі өнерді жинаған тума дарын иесі бар. Шавдат Ханюковтың көзі көрмесе де көкірегі сайрап тұр.

Сібірдің табиғатынан нәр алған Шавдат Ханюковты Бұқтырманың қасиеті ерекше баурапты. Қазақстанда музыкант-ақынның туындылары жаңаша кескінге ие болған. Сондықтан болар Семейдегі музыкалық училищені аяқтаған ол Зырян қаласында еңбек жолын бастаған. 

Шавдат Ханюков, Зырян қаласының тұрғыны:

- Зырянда тау, өзен мен ну орман барын естіп, әдейі осында келдім. Бұқтырма су қоймасының өзі мені қатты ынтықтырды. Біздің Сібірдің табиғаты сияқты. Оқу бітіре сала осындағы өнер мектебіне директордың орынбасары қызметіне тағайындалдым.

82 жастағы Шавдат Измайлұлын көпшілік сан қырлы дарын иесі ретінде таниды. Көптеген талантты жастардың қанатын қатайтқан жанның шәкірттері Ресей, Польша, Германия және Қазақстанның әр түкпірінде еңбек етіп жүр. Ал кейіпкеріміздің сазгерлік қыры түлектерін байқауға баулығанда ашылған екен.

Зағип болса да көкірек көзі ашық азаматтың есте сақтау қабілеті күшті. 57 жыл отасқан жары Екатерина қарияға үнемі қолдау көрсетеді. «Бар көмегім ісіне кедергі келтіреуім шығар» деп қалжыңдайды өзі.

Екатерина Ханюкова, Ш.Ханюковтың жары:

- Күйеуіммен үнемі біргемін. Қайда барсақ та қол ұстасып жүреміз. Жерлестеріміз бізге қызыға қарайды. Балаларымыз қандай тәрбиелі. Олармен мақтанамыз. Немерелерім атасының жолын қуып келеді. Бірі музыкаға жақын, өзі де әуен шығарса, екіншісі сурет салады, тағы бірі шахтада еңбек етеді.

Махаббатпен жасалған әр туынды қайталанбас шедеврге айналары хақ. Кейіпкеріміздің туған өлкесіне деген сезімі картиналарда бедерленген. Суретшінің 400-ге тарта туындысы көпшілік ықыласына ие.

Көздің жауын алар әдемі көріністі Шавдат Измайлұлымен монокль байланыстырады. Тұмса табиғат бедерленген бұл картиналар шағын көрме іспетті. Әдемі туындыларының бірін суретші маған да сыйлады.

Бойына өнер тұнған Шавдат Ханюков – «Самғау» сынды айтулы додалардың жүлдегері. «Қазақ даласы шабытымды еселеп, мүмкіндігімді арттырған киелі мекен», – дейді ол. Парасатты ақсақалдың әңгімесі ерекше әсерлі.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы