385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы пікірі: Химиялық қару мәселесін шабуыл шешпейді

  • 483
  • UPD: 17:44, 15.04.2018

Америка, Франция және Ұлыбритания үштігінің Сирияға жасаған шабуылы алпауыт державалар арасында үшінші дүниежүзілік соғысқа алып келеді деу қисынсыз.

Халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Айнұр Ноғаева осылай дейді. Себебі Сирия мәселесі келіссөз алаңында шешілуі мүмкін. Бұл ұстанымды Қазақстан да қолдайды. Ал химиялық қару өндірді деген желеумен бір мемлекетке соққы жасау елдер арасындағы шиеленісті үдете түседі. Сарапшы пайымы осы.

Айнұр Ноғаева халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы:

Менің ойымша, химиялық қару қолдану дұрыс емес. Бірақ оны шешу механизмі де соғыс емес. Шабуыл емес. Оны басқа қазірге дейін басталған, мысалы, БҰҰ алаңында да шешуге болатын еді. Ол шабуыл нақты бір шешім әкеледі деп ойламаймын.

Хабар 24 телеарнасы