389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында сервистік әкімдік ашылды

  • 783
  • UPD: 11:55, 16.04.2018

Алматы облысының Қаратал ауданында сервистік әкімдік жұмыс істей бастады.

Жоба мемлекеттік қызметтің сапасын көтеруді, халықтың цифрлық сауаттылығын арттырып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатын көздейді. Сервистік әкімдік қағидаты мемлекеттік қызмет көрсетуде жайлы жағдай жасауымен де ерекше. Мониторинг нәтижесі көрсеткендей, тұрғындардың дені құрылыс-сәулет, әлеуметтік қорғау, білім және коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша құжаттар алуға көбірек уақыт жұмсайды. Енді оларды электронды нұсқада жылдам алуға болады. 

Дариға Дүкежанова, Үштөбе қаласының тұрғыны:

- Тұрғындарға өте көп көмегі бар екенін, қолжетімді, ашық түрде, ары-бері жүгірмейтін, бір жерден осы қызметтердің барлығын алып шығатынына біз өте қуанышты болып тұрмыз.

Хабар 24 телеарнасы