378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар Айдың толық тұтылуын көре алады

  • 450
  • UPD: 12:45, 16.04.2018
<span class=favorites>Қазақстандықтар Айдың толық тұтылуын көре алады</span> NASA

Қазақстандықтар алдағы жазда Айдың толық тұтылғанын көре алады.

амамен 3 сағатқа созылатын тосын құбылыс 17 жылда бір рет болады. Шілденің 27-сінен 28-іне қараған түні Айдың беті түгелдей түнеріп, Жер мен Марс бір-біріне тым жақындай түседі. Осы мезетте Марстағы шаңды дауыл да көзге шалынады. Бұл ғажап сәтті Алматы обсерваториясындағы телескоп арқылы тамашалай аласыз. Тарихы 70 жылға таяған телескоппен Кеңес Одағының ғалымдары 1969 жылы Чурюмов-Герасименко кометасын ашқан екен. Мұнда сақиналы Сатурнды, жолақты Юпитер мен Марстың полярлы жиегін көру үшін келушілер көп.

Хабар 24 телеарнасы