383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада ұлттық ырымдарды дәріптейтін кештер өткізіліп жүр

  • 450
  • UPD: 15:52, 16.04.2018

Бастаңғы, шашу, бата беру, бесікке салу, айдар қою.

Осындай құндылықтарды ұлықтау - ұлтқа ұран, ұрпаққа аманат. Сыр елінде көпті көрген көнекөз әжелер әдет-ғұрыптарды жастарға үйретуден жалыққан емес. Қызылордалық қоғамдық қор өкілдері «Ұлы дала дәстүрлерін» дәріптейтін кештер өткізіп жүр. Ұлттық ырымның әрқайсысының тәрбиелік, тарихи маңызы бар. Айдарлы балалар жұртын қолдап-қорғайтын, елдің үміт-тілегін ақтайтын атпал азаматтар болып өседі деп бабаларымыз ниет еткен. Ал қыз балалардың екі шекесіне шоқ қылып, тұлым қойған. Қырмызы қыз 12 жасқа келгенде мүшел жасының құрбандығы ретінде мал сойып, үлкендердің батасын алып, өскен шашы қырқылған. Осы дәстүрдің барлығын қазақ келіндері жадына тоқып, ұрпақтан ұрпаққа жаңғыртып отырған.

Рахима Ахметова, қоғамдық қор жетекшісі:

- Қазақ келіндері ерте тұрады, тұрмыстық жағдайларын жасап, ата-енесіне сәлемін беріп, үлкеннің алдын кесіп өтпейді. Үлкеннің сөзін бөлмейді. Осы жақсы қасиеттерді, текті қазақ халқының дәстүрін біз осы уақытқа дейін сақтап, дамытып, жаңартып, қазіргі қазақ қыздарымыз, болашақ келін, ананың бойына сіңіргіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы