384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 15 жоба жүзеге асырылып жатыр

  • 921
  • UPD: 10:29, 17.04.2018

Оралда цифрландыру бағдарламасы аясында негізгі 4 бағытты қамтитын 15 жоба жүзеге асып жатыр.

Smart city тұжырымдамасы аясындағы мұндай жобалар қала тұрғындарының күнделікті тұрмысында кеңінен қолданыла бастады. Мәселен, пәтер иелері кооперативтерінің жұмысын қадағалауға мүмкіндік беретін инновациялық портал қос тарапқа да тиімді екенін дәлелдеді.

Нұрлан Рахымжанов пәтер иелері кооперативтеріне қатысты кез келген жаңалықпен жеткілікті таныс. Өйткені өзі басшылық ететін компания отыз шақты көпқабатты үйге қызмет көрсетеді. «Саладағы инновациялық өзгерістердің пайдасы ұшан-теңіз. Біріншіден, қағазбастылықтан құтылдық. Екіншіден, жасалған жұмыстардың мөлдірлігін қамтамасыз етеді», – дейді ол.

Нұрлан Рахимжанов, пәтер иелері кооперативінің төрағасы:

– Бұрын әр подъездің алдына есептерімізді А-4 форматта шығарып, ілетін едік. Қазір оны ілмей-ақ «еКСК» сайтына салып қойсақ, ол 5-6 жыл сақталып тұра береді. Кез келген уақытта архивтан шығарып алып, тұрғындар өздерінің қанша ақша төленгенін, қайда кетінін біле алады.

«Ашық әкімдік» жобасы билік пен бұқара арасында қолжетімді байланыс болуын көздейді. Қазір қала тұрғындарына барлық қызмет түрлері бір терезе қағидаты бойынша ұсынылады. Мәселен, қалалық білім бөлімінің электронды порталы арқылы балабақшалардағы бос орындарды алдын ала анықтауға болады.

Аманжол Естеков, қала тұрғыны:

Мен «электронды кезек» қызметін пайдаландым және оның өте тиімді жоба екеніне көзім жетті. Өйткені балабақша кезегіне тұру үшін бұрынғыдай білім беру бөлімінің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Өтінішті SMS хабарлама арқылы жолдауға болады. Осы жүйенің көмегімен қай балабақшада орын бар екенін алдын ала білдім.

Электронды қосымшалар жолаушы тасымалдау саласында да қолданысқа ене бастады. Қоғамдық көліктердің кейбірінде жолақыны онлайн төлеуге мүмкндік бар. Ал Bus Report қосымшасы желідегі автобустардың жүрісін бақылап, кестеден қиыс кетуіне жол бермейді.

Нұрсұлтан Нұрлан, қалалық әкімдіктің ақпарат және сараптама бөлімінің басшысы:

– Өзіміздің жоспарымыз бар, қаладағы люктер деп айтады ғой, люктерге интернет деген технология бар – ALT, осы технология арқылы арнайы датчиктерді құрып, сол датчиктер арқылы люктердің ұрлануын қысқарту мақсатында сол жобаны асырмақпыз.

«Халықтық бақылау» жобасы бұқарамен арада кері байланыс орнатуды көздейді. Жоба аясында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарды әлеуметтік желіде жолдай алады. Айта кету керек, соңғы үш айда қала тұрғындарынан 700-дей ұсыныс түскен.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы