387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның Қарулы Күштері Әскери парадқа дайындықты бастады

  • 1088
  • UPD: 18:05, 17.04.2018

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні еліміздің Қарулы күштері ауқымды әскери шеру өткізуді жоспарлап отыр.

Мереке қарсаңында сарбаздар Жамбыл облысындағы «Отар» әскери базасының «Мәтібұлақ» полигонында тыңғылықты дайындық жүргізіп, жаттығуларын пысықтап жатыр. Олар физикалық шеберліктерін шыңдап, соңғы үлгідегі қару-жарақтар мен әскери көлік құралдарын жетік меңгергенін дәлелдеуі керек. Мұнан бөлек психологиялық сыннан сүрінбей өткендері ғана салтанатты шараға қатысу мәртебесіне ие болады.

Айта кетейік, парадқа шамамен 3 мың әскери қызметкер, 300-ден астам құрлықтық және 30-ға жуық әуе техникасы жұмылдырылады.

Баһадүр Жолбарысов, қатардағы жауынгер:

- Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласынан әскерге шақырылдым. 35-гвардиялық десант шабуылдаушы бригадасына 7 мамыр – Қазақстан Қарулы күштерінің құрылуына байланысты әскери парадқа біздің есеп-топ жақсы жағынан көрініп, әскери парадқа қатысу мүмкіндігі берілді.

Хабар 24 телеарнасы