389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сағынтаев «Роял Датч Шелл» концерні бөлімшесінің директоры Э.Браунмен кездесу өткізді

  • 401
  • UPD: 17:12, 17.04.2018
Б.Сағынтаев «Роял Датч Шелл» концерні бөлімшесінің директоры Э.Браунмен кездесу өткізді primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев концерннің барлау және өндіру жөніндегі бөлімшесінің директоры Энди Браун бастаған «Роял Датч Шелл» өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Солтүстік Каспий (Қашаған) және Қарашығанақ бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Еске сала кетейік, Қазақстанда «Шелл» ағылшын энергетикалық концерні төрт жобаға қатысады: Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім; Қарашығанақ кен орнының өнімдерін бөлу туралы түпкілікті келісім; «Жемчужина» лицензиялық учаскесін дамыту бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім және Каспий құбыр консорциумы.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы