384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада iKomek орталығын енгізу қалалықтардың мәселесін жедел шешуге көмектеседі

  • 360
  • UPD: 11:57, 18.04.2018
Астанада iKomek орталығын енгізу қалалықтардың мәселесін жедел шешуге көмектеседі ikomek

Әкімдіктің бірыңғай штаб-кеңсесі ретінде iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығын енгізгелі қалалық қызметке шағымданып келетін азаматтар саны бес есеге дейін қысқарды.

iKomek-тің басты артықшылығы көптеген сауалдарды қашықтықтан шеше алатынында және де мәселенің қыр-сырына, ерекшелігіне қарай аудандарға бөліп беретіндігінде. 

Жыл басынан бері аталмыш жүйе қаланың санитарлық тазалауға қатысты 4528 арыз-шағымын тіркеді. Бүгінде төрт аудан бойынша өңдеуде жатқан 15 тапсырыс қана қалды. Оның ішінде Есіл ауданына қарасты – 10 шағым, Сарыарқа ауданы бойынша –3, Алматы –1, Байқоңыр –1. 

Қазір еріген судың салдарынан зиян шеккен жолдар мен көшелерді жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Мониторингтің қорытындысы бойынша iKomek-тің қызметіне жүгінген коммуналдық қызмет қаладағы абаттандыру бойынша жұмысты оңтайландырып және қалаға тиісті мәселелерді шешудің тиімділігін арттыра түсті. iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы тұрғындарды ақпараттандыру үшін әлеуметтік желілерді, telegram-канал, БАҚ және SMS-хабарламаларды белсенді пайдаланып жатыр. 

iKomek орталығының алдағы уақытта қызмет жасау мақсаты – түрлі сауалдармен жүгінген тұрғындардың арыз-шағымының 90 пайызын алыстан\қашықтықтан шешіп беру. 

Астана әкімдігі елорда тұрғындарына өздерін мазалаған сауалдары мен мәселелерін 109 байланыс орталығынан басқа, келесідегідей тәсілмен шағымдануға болатынын еске салады: 

– Facebook, Instagram әлеуметтік желісіндегі  #astana109 хэштег арқылы;

– Facebook чат-бот арқылы: http://m.me/astana109 Telegram: https://t.me/astana109;

Бұл қала тұрғындарына қызмет көрсетудің сапасын арттырып, проблемалы сұрақтарға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы