382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде 76 жыл бұрын опат болған қазақ жауынгерінің сүйегі табылды

  • 334
Ресейде 76 жыл бұрын опат болған қазақ жауынгерінің сүйегі табылды 24kz

Ресейдің Ленинград облысында «Примирение» іздеу жасағы қазақстандық жауынгердің сүйегін тапты.

«Ленинград облысының Киров ауданындағы іздеу жұмыстары кезінде Гайтолово деревнясынан жұмысшы-шаруа қызыл әскерінің сүйегі табылды. Ол балшықты топырақтың астында, 30 сантиметр тереңде жатыр. Оның қасында жеке бұйымдары: қазанша, қасық, шыны торсық, газтұтқыш табылды, сондай-ақ оқ-дәрілерден екі қол гранаты бар. Суретін қоса жіберемін», – дейді жасақтың командирі Сергей Барсуков.

Әскердің мойынтұмарындағы мәліметтерге қарағанда, ол - 1914 жылы Көкшетау облысы, Чистопол ауданының Гаршино ауылында туған Әбділқасым Жаманбаев. Жауынгер соғыстың алғашқы күндері 1941 жылғы 18 шілдесінде Рузаев аудандық әскери комиссариаты тарапынан әскерге алынып, 1942 жылғы ақпаннан бастап із-түзсіз жоғалғандар тізіміне қосылған.

«Соғыстан кейінгі жылдарда әкесі Ысмайылов Әубәкір оны көп іздеді. Тек 76 жыл өткеннен кейін ғана сүйегі табылып отыр. Қазақстанның тағы бір батыры Отанына оралады деп сенеміз. Оның туыстары табылса екен», – дейді іздеушілер. Жауынгер туралы оларда басқа мәлімет жоқ.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы