386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да мергендер сынға түсті

  • 481
ШҚО-да мергендер сынға түсті

Өскеменде Астананың 20 жылдығына орай ату жаттығуларынан мергендер арасында сайыс өтіп жатыр.

Үш күнге созылатын жарысқа Ұлттық Ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мұрындық болған. Павлодар, Семей, Курчатов, Өскемен қалаларының қырағы офицерлері штаттық қарудан оқ атып, өз әскери бөлімдерінің намысын қорғауда. «Макаров» тапаншасы мен «Калашников» автоматын ұршықша иіретін мергендерге ату үшін екі минут беріледі, нысана 50 метр қашықтықта орналасқан. Сындардан сүрінбей өткен спортшы офицерлер Семейде өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алады.

Ілес Тілеуішов, жарысқа қатысушы:

– Бұл сайысқа екінші жыл қатысудамын. Былтыр екінші разрядты орындағанмын. Биыл да жақсы орын аламыз деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы