386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы-Бішкек тасжолында жолаушы автобусы апатқа ұшырады

  • 332
  • UPD: 12:39, 19.04.2018
Алматы-Бішкек тасжолында жолаушы автобусы апатқа ұшырады karpovka.com

Алматы-Бішкек тасжолында 37 жолаушысы бар автобус джип көлігімен соқтығысып, жолдың жиегіне шығып кеткен.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, автобуста 37 жолаушы және екі жүргізуші болған. Жолаушылардан ешкім зардап шекпеген, тек көлікті тізгіндеген автобус жүргізушісі жеңіл дене жарақатын алған. Ол дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілген. Апатқа ұшыраған джип көлігінде де зардап шеккендер жоқ. Оқиға Алматы-Бішкек тасжолының 127 шақырымында 18 сәуір күні таңғы бестер шамасында болды. Алдын ала болжам бойынша, автобус джип көлігінің артынан келіп соққан.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы