384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта демалыс кезінде жансақтау бөліміне түскен азаматша елге жеткізіледі

  • 389
  • UPD: 14:50, 19.04.2018

Тай еліндегі шипажайдың бірінде ми ұлпасы зақымданған қазақстандық Любовь Окуневаны елге алып келу үшін арнайы ұшақ жіберілетін болды.

Қазақстандық ерлі-зайыпты дәрігерлер Любовь және Александр Окуневтар сәуір айында Паттаяға демалысқа аттанған еді.  Алайда 4 сәуір күні Любовь инсульт алды. Жағдайы мүшкіл тартқан науқасқа дереу операция жасалып, Оку-нева екі апта жансақтау бөлімінде болды. Енді ем-домды елде жалғастыруды ойлайды. Бізге белгілі болғандай ол күн де алыс емес секілді.

Любовьтің күйеуі Александр: «Қазақстанның Сыртқы істер және денсаулық сақтау министрлігі бізді елге қайтару үшін арнайы ұшақ жібереді. Қолдау көрсеткендерге айтар алғысым шексіз», - деп мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы