384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана қалалық Білім басқармасы ата-аналарға балабақша таңдауда мұқият болуды сұрайды

  • 1584
  • UPD: 22:05, 19.04.2018
Астана қалалық Білім басқармасы ата-аналарға балабақша таңдауда мұқият болуды сұрайды "Айқын" газеті

Астана қаласының Білім басқармасы баланы «көлеңкелі балабақшаға» орналастырудың тәуекел жағдайларын ескеруіңізді сұрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінде қаламызда ата-аналар өз балаларын пәтерде, жертөлелерде, жағдайы нашар үйлерде орналасқан және қауіпсіздік пен денсаулық стандарттарының міндетті талаптарына сәйкес келмейтін көлеңкелі балабақшаларға орналастыруы орын алып жатыр» делінген хабарламада.

Осыған байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемелерін таңдау барысында ата-аналардың сақ болуын сұранған. «Балаңызды балабақшаға берер алдын ол мекеменің ресми түрде қалалық реестрде тіркелген балабақшалар тізімінде бар-жоғын анықтап алу қажеттілігін ескертеміз», делінген.

Балабақшалардың тізімі туралы ақпаратты Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаментінен білуге болады (http://astanacontrol.gov.kz  сайтының «Хабарлама жіберу тәртібі» бөліміне кірсеңіз тізімге сілтеме көрсетілген).

Қосымша ақпарат келесі телефондар арқылы қолжетімді: 55-68-64, 55-68-72, 55-68-53.

Хабар 24 телеарнасы