386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл өз ісін бастайтын азаматтардың саны былтырғыдан екі есеге артады

  • 318
  • UPD: 13:43, 20.04.2018

Астана, Алматы, Ақтау мен Атырау қалаларында 19 млн, ал өзге шаһар тұрғындарына 15 млн теңгеге дейін несие беріледі.

Ауыл халқы 8 млн теңгеге дейін алуына болады. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Мұндай мүмкіндікті жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және кәсіпкерлікті бастағанынына 3 жыл толмаған азаматтар пайдалана алады.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы 5 әлеуметтік бастамасында қазақстандықтарға берілетін шағын несие сомасын 20 миллиард теңгеге көбейтуді тапсырған болатын. Биыл бұл бағытқа бөлінген қаражат көлемі 62 миллиард теңгеге жетті. Несие алып, өз ісін бастайтын азаматтардың саны былтырғыдан екі есеге артып, 14 мыңға көбейту көзделген.

Шыңғыс Ахметов, ҚР ҰЭМ кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары:

– Бағдарламаның екі әкімшілігі бар. Қалаларда Ұлттық экономика министрлігі, қалалар мен елді мекендерде Ауыл шаруашылығы министрлігі. Қаражаттың сомасы 19 млн теңгеге дейін болады. Оның құны 6 пайыздан аспайды.

Хабар 24 телеарнасы