386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің қай өңірінде жол-көлік оқиғалары көп тіркеледі?

  • 513
Еліміздің қай өңірінде жол-көлік оқиғалары көп тіркеледі?

Қылмысты бүркемелеу былай тұрсын, енді елге оны жар салудың жаңа тәсілі табылды.

«Қылмыстық құқықбұзушылықтар картасы» порталының бір артықшылығы сол. Былтыр портал қызметін 300 мыңнан астам адам пайдаланған. Ұлт жоспарының отыз екінші қадамын іске асыру аясында ашылған жаңа жобаға 160 қала мен аудан орталықтары, сондай-ақ 203 елді мекен қосылған. Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусиннің айтуынша, интернет портал арқылы ел азаматтары кез келген қылмыс түріне байланысты ресми деректермен таныса алады. Яғни сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелген құқықбұзушылық 15 минуттан кейін порталда жарияланады. Сонымен қатар айрықша криминогендік аймақтарды көруге мүмкіндік бар. Мысалы, үй сатып алуға ниетті азаматтар картаға аудан атауын енгізсе болғаны, соңғы бір жыл ішінде болған оқиғалар статистикасы егжей-тегжейлі көрсетіледі. Карта ішінен көлік апаттарына қатысты ақпаратты да алуға болады.

Бағдат Мусин, Бас прокуратура құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы:

– Бұл бөлімде көлік апатынан зардап шеккен адамдар туралы ақпарат беріледі. Картаны ашатын болсақ, еліміздің қай өңірінде ең көп жол-көлік оқиғалары тіркелгендігін байқаймыз. Қазіргі жағдай бойынша Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Алматы облысы алдыңғы үштікте. Осылайша, кез келген шаһардың шағын ауданын да көруге болады. Мысалы, Астана қаласы бойынша Сарыарқа ауданы, Кенесары, Молдағұлова, Бейбітшілік және Жеңіс көшелерінде жол-көлік оқиғалары жиі тіркеледі.

Хабар 24 телеарнасы