365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада «Смарт жолы» бағдарламасының ақтық сынына өткен сайыскерлер анықталуға жақын

  • 400
  • UPD: 16:06, 20.04.2018

Елордада өтіп жатқан «Смарт жолы» бағдарламасының нәтижесі бойынша үздік стартап әзірлеген 5 қатысушы Сингапур еліне аттанып, өз жобасын халықаралық алаңда таныстыруға мүмкіндік алады.

Дариға Ташенова, тілші:

– Еліміздің үздік стартап әзірлеушілері арасындағы қызу тартыс басталып кетті. Шамамен жарты сағаттың ішінде көш бастаған 5 команда анықталып, Сингапур елінде өтетін шеберлік сағатына қатысуға жолдама алады. Олар шетелде бүкіл әлемнен жиналатын инноваторлармен кездесіп, олармен бәйгеге түседі. Сол сайыста үздік деп танылған 10 команда беделді компания өкілдерімен бірлесіп, өз айти өнімін дайындайды. Ал кешке Назарбаев орталығының алаңында отандық және Оңтүстік Азия өңірінен келген сарапшылар 2 панельдік сессия барысында стартап әзірлеу саласындағы тәжірибесімен бөліседі. Смарт жолы жабасының аясында айти мамандары халықаралық компаниялармен әріптестік орнатып, жоғары технологияларды дамытуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, басында бұл бағдарламаға қатысуға 70 команда өтініш білдірген. Олардың арасында Princeton, UC Berkeley, Carnegie Mellon сынды әлемнің беделді университеттерінің түлектері бар. Олардың Астананың халықаралық аренадағы технологиялық хабқа айналуына зор үлес қосатыны күмән туғызбайды.

Осы категория бойынша: « СҚО-да апатты ғимараттар жаппай бұзылатын болды Маңғыстау облысында айлығы өскен ұстаздар ұлттық тест тапсырады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы