384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сот шешімі жазылуының сапасын арттыру үшін республикалық байқау өтеді

  • 519
  • UPD: 17:30, 20.04.2018

Биыл қыркүйек айынан бастап сот қаулылары қысқа әрі нұсқа болады.

Бұл туралы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов фемида өкілдерінің жалпы отырысында хабарлады. Оның айтуынша, сот процесіне қатысушылар тарапынан үкімнің мазмұнына қатысты шағымдар саны азаймай отыр. Атап айтсақ, сот қаулысы - бірінші кезекте заңгерлік білімі жоқ азаматтарға түсініксіз. Шағымданушылардың уәжіне сенсек, сот актісінің мәтіні көлемді, ал терілген қарпі майда. Сондай-ақ жаңа талапқа сәйкес, судьялар өз үкімін сот отырысының соңында ауызша да түсіндіруге міндетті. Алдағы уақытта сот шешімінің сапасын жақсарту мақсатында «Үздік сот актісі» республикалық байқауы ұйымдастырылмақ. 

Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы:

- Қыркүйектен бастап, күшіне енеді. Оған дейін 4,5 ай бар. Ол бізге не үшін керек, ол уақыт бізге мына аудандық, қалалық судьяларды үйретуімізге керек. Түсіндіру әдістемелеріне, сосын қалай жазу керек, қалай сөйлеу керек, риторика үшін керек.

Хабар 24 телеарнасы