384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда үйдің қабырғасының сөгілуінен тұрғындар баспанасыз қалды

  • 511
  • UPD: 23:25, 21.04.2018

Петропавлда екі қабатты үйдің қасбеті опырылып, тұрғындар далада қалды.

Құтқарушылар оқиға орнынан 8 адамды сыртқа шығарған. Оның екеуі бала. Әйтеуір зардап шеккендер жоқ. 1950 жылдары тұрғызылған тұрғын үй осыдан төрт жыл бұрын апатты деп танылған екен. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін мұнда үш отбасы, жалпы 13 адам тұрып келген. «Береке» шағын ауданының тұрғындары осы  маңдағы тағы бір үй құлағалы тұр деп дабыл қағып отыр. Ол да апатты жағдайда тұр екен. 

Алета Сычёва, қала тұрғыны:

- Сыртқа тек киім-кешегімді шығарып үлгердім. Жиһаз, құжат, бәрі үйде қалды. Ішке ешкімді кіргізбей жатыр. Әйтеуір барлығы аман. Бастысы осы.

Марат Тасмағанбетов, қала әкімі:

- Бізде апатты деп танылған үйлердің тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ететін тұрғын үй қоры жоқ. Сондықтан сіздерді әзірге уақытша пәтерлерге орналастарамыз. Алдағы уақытта бұл мәселені шешетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы